Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
MediaEducation: Атырауда жастарға арналған ауқымды жоба жүзеге асырылды
Жаңалықтар

MediaEducation: Атырауда жастарға арналған ауқымды жоба жүзеге асырылды

08.12.2024
мин
0
185

Атырау облысында жастардың тұлғалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды "MediaEducation" жобасы жүзеге асырылды. Жоба жастардың тұлғалық дамуын ынталандыру және жас ұрпақтың әлеуметтенуін қамтамасыз етуге арналған әртүрлі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттесуіне жағдай жасау, Атырау облысының жастарын блог жүргізу дағдыларына үйрету арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыруына негізделген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

MediaEducation аясында 30 жас көшбасшы үшін оффлайн форматта білім беру курстары ұйымдастырылды. Бағдарлама жастардың түрлі қабілеттерін қамтып, камерада жұмыс жасау, шешендік өнер, копирайтинг, мобилография  бағыттарда тереңдете оқытуға бағытталды. Курстарды өткізу үшін өз саласында мол тәжірибесі бар кәсіби мамандар тартылды. Оқыту нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталып, олар 3-тен кем емес мазмұнды ақпараттық материал әзірлеп, әлеуметтік желіде жариялады.

Жоба аясында подкаст түсіру бойынша білім беру курсы ұйымдастырылып, оның нәтижесінде жастардың шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын шабыттандыру және дамытуға бағытталған қызықты подкасттар түсірілді.

Жобаның маңызды бөлігі ретінде өткізілген "Shabyt қанаты" шығармашылық байқауы жастарға өз таланттарын көрсетуге таптырмас мүмкіндік ұсынды. Байқау аясында жас таланттар келесі бағыттар бойынша өз жұмыстарын ұсынып, нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

Мобилография саласындағы үздік бейнеролик;

Музыка өнеріндегі үздік туынды;

Көркем шығармашылықтағы үздік жұмыс;

ТикТок бағыты;

Шығармашылық байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Бұл жас дарындардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және жаңа идеяларын жүзеге асыруға серпін берді.

Жоба аясында жас таланттардың үздік жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

MediaEducation жобасы Атырау облысының жастарына білім беру, дағдыларды дамыту және болашаққа жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы ерекше үлес қосты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл