Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде қабылданған жаңа қаулыға сәйкес сәуір айынан бастап мектеп оқушыларының оқу форматына қатысты өзгеріс енгізілді. Қаулыға еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды.
2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында еліміздің әр өңірінде бала саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек.
COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша тәуекелі төмен және орташа аймақтарда жалпы білім беретін мектептерде сабақтар аралас форматта өтеді.
Ал «қызыл» аймаққа кірген өңірлер бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда әр сыныптағы бала саны 25-тен аспай аралас форматта білім алады.
Оқу бітіретін 9, 11 және 12-сыныптар аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтықтан аралас форматта бір сыныпта 15 адамнан аспай оқытуға рұқсат етілді.
Тағы көру