Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қоғамда «мемлекеттік қарыз» сөзін жиі естиміз. Әсіресе саяси тақырыптарды тыңдағанда, қаржыға қатысты жаңалықтарды оқығанда, сондай-ақ көлік жүргізушісімен әңгімелесу барысында да талқыланып жатады. Осы орайда, Q-econ инстаграм парақшасының авторы Мәулен Орынбасар арнайы «Теңгебала» айдары үшін мемлекеттік қарыз жайлы айтып берді.
Мемлекеттік қарыз – үкіметтің облигация мен құнды қағаздар сату арқылы алған барлық қарыздарының көлемі. Яғни мемлекет өзіне жетпеген соманы жабу үшін алатын қарыз.
Мемлекеттік қарыз – сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қарызға кез келген мемлекет басқа мемлекеттен алған азаматтар, заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар алдындағы барлық жауапкершілікті айтуға болады. Ал ішкі қарыз – мемлекеттің өз елінің азаматтары мен заңды тұлғалары алдындағы барлық міндеттемесі.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы жайлы айтатын болсақ, соңғы 3 жылдағы қарыз мөлшерін төмендегі статистикадан көруге болады.
Сондай-ақ, Мәулен Орынбасар үкімет мемлекеттік қарызды қалай өтейтінін айтты.
Ол үшін үкімет жеке секторға (мысалы, банктер мен зейнетақы қорларына) облигация сатады. Облигацияның құны 1 000 доллар, ал жылдық пайыздық төлемі 5% болуы мүмкін. Облигацияның мерзімі өтуге жақындағанда (мысалы, 30 жыл дейік), үкімет 1 000 доллар қайтарып беруге міндеттелген.
Инвесторлар мұндай облигацияларды сатып алады. Себебі жыл сайын оларға әрбір облигациядан проценті арқылы табыс келеді. Оның үстіне, үкіметтік облигациялар – құнды қағаздардың ішіндегі ең сенімділерінің бірі болып табылады. Бұл облигацияларды жергілікті және шетелдік инвесторлар да сатып алады. Ең ірі инвестор ретінде Қытайды, содан кейін Жапонияны айтуға болады.