Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда "Адал азамат" бағдарламасы аясында 100-ге жуық мектептің ішкі кеңістігі бірыңғай дизайн-код негізінде жаңартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба ұлттық болмысты сақтай отырып, білім ордаларына заманауи келбет беруді мақсат етеді.
Жаңа дизайнда тек безендіру емес, тәрбиелік және мәдени мән бар. Мектеп дәліздері мен сыныптарында тарихи тұлғалардың бейнесі, табиғат көріністері мен ойшылдардың нақылдары көрініс тапқан. Біркелкі түстер мен навигация жүйесі оқу ортасын ашық әрі ыңғайлы етеді. Сонымен қатар, жаңа форматтағы мектеп кеңістігі оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай ойластырылған.
Бастауыш сыныптарда мейірім мен патриоттық рухты арттыруға, ал жоғары сыныптарда шығармашылық ойлау мен зерттеушілік қабілетті дамытуға бағытталған ерекше аймақтар қарастырылған. Жаңа дизайн-код алдымен “Келешек мектептерде” енгізіліп, кейін тағы 1300 білім ордасы осы жүйеге көшпек.