Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда енді ұялы байланыс қызметтерінің бағасы көтеріледі. Бағаның өсуіне қосылған құн салығының (ҚҚС) ұлғаюы себеп болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Beeline компаниясының бас директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, 2025 жылдың қаңтарынан бастап тарифтер 15–20% қымбаттайды.
- ҚҚС өсімі салаға шамамен 35–40 миллиард теңге көлемінде әсер етеді. Сол себепті біз келесі жылы тарифтерді қайта қарауға мәжбүрміз, — деді ол.
Сондай-ақ Kcell мен Мобайл Телеком-Сервис операторлары да жаңа жылдан бастап тарифтерін 15–20% аралығында көтеруді жоспарлап отыр.
Компаниялар мұны инфрақұрылымға инвестиция, валюталық тәуекелдер мен салықтың өсуімен түсіндіреді.