Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр жаңадан салынатын мектептердің ерекшелігін атап өтті
Жаңалықтар

Министр жаңадан салынатын мектептердің ерекшелігін атап өтті

24.08.2023
1 мин
0
644
фото: ult.kz

Жаңадан салынатын мектептердің барлығында лифті болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өкінішке орай соңғы жылдары оқушылар арасында сколиоз 2 есеге артты. Оның себебінің бірі - оқушылардың бойы мен жас ерекшеліктерін ескермей мектеп жиһазына отырғызу. Сондықтан мектеп жиһаздары жылжымалы және оқу процесінің нақты мақсаттары мен міндеттеріне бейімделуі тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жиһаздарға басты назар аударылды. Сонымен қатар балаларға физикалық жүктемені азайту және ыңғайлы болуы үшін оқу құралдары ауыстырылып, киім сақтауға арналған жеке шкафтар барлық мектепте қарастырылатын болады. Жайлы мектептің әрбір қабатында ауыз су бұрқақтары орнатылады», - деді ол Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Сонымен қатар ол ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау үшін әрбір мектеп пандус және көтергіштермен, лифтілермен, санитарлық тораптармен жабдықталатынын айтады.

«Қазіргі уақытта мектептердің бірде-бірінде лифті жоқ. Сондықтан енді салынатын барлық мектеп балаларға жағдай жасау үшін лифтілермен, құрылғылармен міндетті түрде жабдықталады. Ұлттық жобаны іске асыруға 30-дан астам мемлекеттік орган мен ұйымдар жұмылдырылған. Олардың әрқайсысының рөлі мен жауапкершілігі айқындалған. Оқу-ағарту министрлігінің рөлі – ұлттық жобаны сапалы іске асыруда әдіснамалық сүйемелдеу және бақылау. Мектептерді сапалы салу және оларды уақытында пайдалануға беру жауапкершілігі «Samruk-Kazyna Construction» мен өңір әкімдіктеріне жүктелген», - деді Ғалымжан Молдаш.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл