Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық делегация Мысырға Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу салтанатына қатысуға және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндеріне орай іс-шаралар өткізу үшін келді, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Делегация құрамында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және еліміздің басқа да саяси және қоғам қайраткерлері бар. Сондай-ақ, Каирге қазақстандық театр актерлері, музыканттар мен ғалымдар келді.
Қабылдаушы тараптан Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Абдель Уахаб Абдель Разек, әл-Азхар бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, министрлер мен Каир қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, мешітті қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының белсенді қатысуымен іске асты.
«Іс-шара Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасына кіреді. Барлығы 300-ден астам іс-шара жоспарланған. Бұл ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, спектакльдер және тағы басқалар. Мысалы, ақпан айында Астана көшелерінің біріне тарихи тұлғаның есімі берілді, ал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мамыр айының ортасында Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры Астанада «Бейбарыс» қойылымын ұсынды», – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
фото: Парламент Сенатоның баспасөз қызметі