Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Наурыз жұмыскер" ипотекасы іске қосылды. 17 наурыздан бастап өтінім қабылданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Техникалық мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарламаға өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері қатыса алады. 72 млрд теңге бөлініп, 2440 несие беру жоспарланған.
Бағдарлама "Отбасы банкі" арқылы жүзеге асады.
Шарттары:
Әлеуметтік осал топтар үшін жылдық үстемақасы 7%-бен, ал қалған барлық санаттарға 9%-бен несие беріледі.
Бастапқы жарна: таза әрлеудегі жаңа үйді алу үшін 10%,
әрленбеген жаңа үй немесе екінші нарықтағы (бұрын біреу алып, қайта сатып жатқан) үй үшін 20% ;
Ескерту: екінші нарықтағы үйді облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жатпайтын аймақтағы жұмысшылар ғана ала алады.
Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін - 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін - 36 млн теңге.