Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жаңа өндіріс ошақтары ашылмақ
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа өндіріс ошақтары ашылмақ

21.09.2021
1 мин
0
636

Нұр-Сұлтанда 6,4 млрд теңгеге жеті агроөнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды LS. 

Елордада 2022 жылы азық-түлік өндіретін кешен ашылуы мүмкін. Инвестиция көлемі – 2 млрд теңге. Сондай-ақ, 1,2 млрд теңгеге сүт өңдеу зауыты салынбақ. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 18 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, елордада нан-тоқаш комбинатын 900 млн теңгеге іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорында жылына 5,5 мың тонна өнім шығарылатын болады. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт 800 млн теңгеге іске қосылады деп күтілуде. Нысанның қуаттылығы жылына 6 мың тоннаға дейін жетеді. Іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар.

Мегаполисте мұздатылған кондитерлік, аспаздық, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылуы мүмкін, онда жылына 5 мың тоннаға дейін өнім шығарылады. Инвестиция –  500 млн теңге. Тағы бір осындай жоба 500 млн теңгеге бағаланып отыр. Осылайша, қалада дайын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісін қолға алу көзделген. Жобаның қуаттылығы жылына 5 мың тоннаны құрайды. Және  500 млн теңгеге көкөніс қоймасы салынады. Нысанда 6 мың тонна өнім сақталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елордада 23 млрд теңгенің 10 өндірісі іске қосылған еді.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл