Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өңірлік ӘКК 180 мың тоннадан астам көкөніс қорын қалыптастырды
Жаңалықтар

Өңірлік ӘКК 180 мың тоннадан астам көкөніс қорын қалыптастырды

21.11.2023
1 мин
0
485
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі Баспасөз қызметі

2024 жылғы маусымаралық кезеңде өңірлік ӘКК-де тауарлық интервенцияларға арналған көкөністер қоры қалыптасты, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап ӘКК жұмыс тәсілін өзгерткен болатын – мысалы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдер енгізілді. Олар күзгі және ерте көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) маусымаралық және бағаның өсуі кезеңінде белгіленген бағамен жеткізу үшін форвардтық шарттың жалпы сомасының 70% аванс бере отырып, шаруаларды алдын ала қаржыландыру (бір жыл бұрын) көзделген.

Бұдан басқа, өнімді сату басталғанға дейін АШТӨ-де өнімді сақтау шарттары айқындалып, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, көкөністерді жеткізу кестесін қалыптастыру. Сондай-ақ, өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қант) тізімі кеңейтілді. Сауда желілеріне бөлінетін қаражаттың негізгі көлемін құю практикасынан кету мақсатында бюджет қаражатының 70% АШТӨ мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағыттау бойынша міндетті шарт белгіленді.

Жалпы, АӨК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыру өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, нәтижесінде бұл соңғы өнімнің бағасына әсер етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ішкі нарыққа реттеуші әсер ету үшін 2024 жылғы маусымаралық кезеңде ӘКК-ден ағымдағы жылдың күзгі егіннің қоры 181,8 мың тонна көлемінде қалыптастырылды, оның ішінде 102,6 мың тонна картоп, 28,3 мың тонна пияз, 22,3 мың тонна қырыққабат, 28,6 мың тонна сәбіз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл