Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Орташа айлық алатын қазақстандықтар сол ақшаға пәтер ала алады ма?
Жаңалықтар

Орташа айлық алатын қазақстандықтар сол ақшаға пәтер ала алады ма?

31.10.2022
2 мин
2
1146

"Атамекен" ҰКП талдау қызметі ипотекалық несие нарығындағы жағдайды сараптап, қарапайым қазақстандықтың орташа жалақыға жаңа ғимаратта небәрі 0,76 шаршы метрді ғана ала алады деген қорытындыға келген. 

"Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері ипотекалық несиелендіру 1 трлн теңгеге дерлік немесе 28,6%-ға өсіп, 4,2 трлн теңгені құрады. Ипотекалық несиелендірудің айтарлықтай артуы ағымдағы жылдың 9 айында тұрғын үй жылжымайтын мүліктің, оның ішінде бастапқы тұрғын үй 10,5%-ға, қайталама тұрғын үй 16,1%-ға және жалға берілетін тұрғын үй құнының 35,8%-ға өсуі есебінен болды", - дейді талдаушылар.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар орташа бір жалақыға әлі күнге дейін бір шаршы метр баспана сатып ала алмайды, ал орташа жалақы мөлшері қыркүйекте 322,9 мың теңгені құрағанын айта кетейік. Қарапайым қазақстандық орташа жалақыға жаңа ғимаратта небәрі 0,76 шаршы метрді немесе қайталама нарықта 0,68 шаршы метрді ғана ала алуға шамасы келеді.

"Жалдау нарығы да қазақстандықтар үшін қол жетімді емес. Егер жыл басында қазақстандықтың орташа жалақысына 83 шаршы метр тұрғын үй алуға мүмкіндік болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 70 шаршы метрге дейін түскен", - деп қосты сарапшылар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Бибинур 01.11.2022
Ойбоой биздики сол 300 мынга жетпейдигой сонда биз шалаш аламызба?
Жауап беру
М
Мадина 31.10.2022
Сонда 300мын алатындар Уй алмайма 20 уйлерин карайын деп журген едим болмайма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл