Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға, кәсіпті жаңадан бастаған және жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін) мемлекеттік гранттар беру басталады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады. Үкіметтік «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы электрондық нысанда бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Байқау ашық конкурс есебінде өтіп, 21 млн теңге қаражат бөлінеді. Конкурстың ұйымдастырушысы, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы.
Өтінім беру 1-15 қазан аралығында орындалады. Аталған мерзімнен кешіксе, өтінім қабылданбайды.
Тағы көру