Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өткен аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болды. Басқа да мемлекеттік қызметтегі өзгерістер:
• Дәурен Ерғарин Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімін басқаруға кірісті.
• Ерұлан Жамаубаев ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қаржы министрі және Президент кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Өңірлердегі басшылық ауысымдары:
• Берік Уәли Абай облысының әкімі болды. Бұған дейін ол Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
• Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін өңір басшысының бірінші орынбасары болды.
• Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Файзулла Байдуллаев бекітілді.
Басқа да маңызды тағайындаулар:
• Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы лауазымына келді.
• Азамат Әмрин Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарады.
• Күміс Сейітова ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры болды.
• Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасын Айсұлу Ерниязова басқарады.
• Елнар Уахитов Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
• Гүлмира Сыздықова Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментін басқарады.
• Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері қызметіне Талғат Сермаңизов келді.