Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстан шекарашылары 5 мамырда Қырғызстанның үш азаматына қатысты қару қолданды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлімдеді.
24.kz ақпараттық ресурсының жазуынша, қайғылы оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық басқармасына қарасты Добо-Коргон жерінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алды, олар Ала-Бұқа ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Олар сол жерде тілге келместен қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бұқа бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Қорған бағыты бойынша шекара өкілімен кездесті. Тараптар қызметтік тексерулердің қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі
Ведомство осы факті бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады.