Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тәуелсіз өкіл ретінде тіркелген сотталушы 2019 жылы Екібастұз бен Павлодарда кеңсе ашқан. Павлодардың №2 сотында қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сотталушы компанияға жаңа қатысушыларды тарту үшін табысты көбейту жолдары жайлы ақпарат таратқан. Әрі Qnet компаниясы қызметінің процедура саясатын бұзғаны да анықталған.
2019 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін азаматтар қаржы пирамидасына 5 миллион 983 мың теңге құйған.
«Сонымен қатар Ч.-ның электронды поштасындағы мәліметтерге сәйкес eCard бойынша төлемнің жалпы сомасы Ұлттық банк курсына сәйкес 7 218 823,59 теңге болған», – делінген сот хабарламасында.
Сот сотталушының жас екенін және кішкентай баласы барын ескеріп, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтейді.