Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Подполковник Базкенов Желтоқсан оқиғасы туралы айтып берді
Жаңалықтар

Подполковник Базкенов Желтоқсан оқиғасы туралы айтып берді

17.12.2022
2 мин
0
1499

Биыл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 36 жыл. Тарих үшін қас-қағым сәт десек те, сол ызғарлы күндер халық жадынан мәңгі өшпек емес. Осы оқиғаны көзімен көріп, басы-қасында болған жандардың бірі запастағы полиция подполковнигі Қайыртай Базкенов сол кезде есте қалған жайттары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

1986 жылдың ызғарлы қысы Қайыртай Базкеновтің санасына өшпестей із қалдырған. Ол уақытта оның жасы 25-те еді. Алматы зооветеринарлық институтының үшінші курсында оқып жүрген кезі.

«Қазір айтуға оңай, сол жылғы желтоқсан айындағы дүрбелең көз алдымыздан кетпейді, кейде еске алсам, денем түршігеді. Оқиға былай басталған еді. 15 желтоқсан күні курстасым «жатақханада жүріп шаршаған боларсың, маған келіп тынығып ал» деп өз үйіне шақырды. Содан досымның үйінде қонып, ертеңіне сабаққа кеттім. Мир-Сәтбаев көшелерінің қиылысында автобустан түсіп, алдыма қарасам, алаңда темір құрсанған солдаттар жастарды қоршап алған. Алаңға қарай аяңдап, сол жердегі әскери киімдегі қазақ жігітінен «Мұнда не болып жатыр?» деп сұрап едім, ол мені кері қуды. Тағы бірнеше адамнан сұрап едім, олар да ештеңе айтпады. Тек, біраздан соң ғана қазақ жастарының пленум қорытындысына наразылық танытып жатқанын біліп, сол күні сабағыма да бармастан, мен де алаңдағы жастардың қатарына қосылдым. Кісі деген көп. Әскери киімдегілер қыз-жігіттерді жұлқылап, әкетпек болды, ал, біз керісінше оларды бермеуге тырысып жаттық. Күні бойы солай жүрдік. Кешке қарай бәріміз тарадық. Бұл желтоқсанның 16-сы болатын», - деп еске алады Қайыртай Базкенов.

Көп жастармен бірге, кейіпкеріміз де осылай желтоқсанның 16-сынан 18-іне дейін үш күн қатарынан алаңда болған. Қолдарында қару да, ештеңе де жоқ. Барлығының тілегі бір болды.

«Айналамдағы намысшыл қыз-жігіттер «Өз елімізді өз азаматымыз басқаруы керек!», «Колбин деген кім?» деп айтып жатты. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның Гимні сол кезде қазақ жастарының ұраны болды. Өз басым замандастарымның, жастардың жалынымен, асқақ рухымен қуаттандым. Мұздай темір құрсанған қызыл жендеттердің алдындағы қорқынышымызды ұлттық мүддеміз, маздаған намыс отымыз басып тастады. Күннің ызғары соншалық, орталық алаң әп сәтте мұз алаңына айналды. Суықтан жаурап, денеміз қалшылдап, аяғымыз мұзға тайды. Киімімізге де мұз қата бастады. Бірақ, бұл жастарды жасытқан жоқ. Біз алаңнан кетуді ойламадық», - деді Қайыртай Базкенов.

Кейіпкеріміз атап өткендей, қазақтың қайтпас қайсар мінезіне қаныққан әскер, жастарды орталық алаңнан қуу үшін күш қолданған. Осы ретте, желтоқсанның ызғарына қарамастан, ешкімнен қорықпай, ешкімнен тайсалмай, елім, жерім деп, алаңға шыққан қазақ қыздарының қайсар мінезіне тәнті болмау мүмкін емес.

«Жігіттер болып, «қыздарға сендер шықпай-ақ қойыңдар, үлкен дүрбелең басталғалы тұр, біз өзіміз ғана барайық» деп, бірнеше рет айтқан едік. Алайда, қыздар алған беттерінен қайтпады. Ақыры, жастарды алаңнан қуу үшін әскерлер күш қолданды. Қабаған иттерімен артымыздан қуды. Қазақ жастары сол 1986-ның қаһарлы қысында ештеңеден қорықпай, еркіндік үшін, егемендік үшін күресті, қайсар мінез танытты. Көптеген жастар зардап шексе, біразы сол кездегі билік тарапынан қудалауға түсті. Желтоқсан оқиғасы туралы көп айта беруге болады. Бұл - біздің жастарымыздың ерлігі. Жылдар жылжыған сайын Желтоқсан оқиғасы да тарих қойнауына еніп барады. Алайда, кейінгі ұрпақ Тәуелсіздіктің қанмен келгенін ұмытпай, оны көздің қарашығындай қорғаса екен деймін!», - деп түйіндеді кейіпкеріміз.

Осы ретте, Желтоқсан оқиғасы аяқталғаннан кейін де Кеңес өкіметі тарапынан жала жабылып, зардап шеккендер көп болды. Абырой болғанда, Қайыртай Базкенов - сол қуғын-сүргіннен аман қалғандардың бірі. Осынау зобалаңды бастан өткергеннен оны кейін қайтсем де елімді, халқымды қорғаймын деген ой мазалайды. Ол 1988 жылы Алматыдағы оқуын аяқтаған соң Көкшетау қаласына іргелес Краснояр селосындағы племстанцияда бір жыл жұмыс істейді. Кейін Свердловск қаласындағы КСРО Ішкі істер министрлігінің жоғары курсына оқуға түседі. Солтүстік Кавказға іс-тәжірибеге жіберіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына қатысады. Елге оралғаннан кейін Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істейді. Тәртіп сақшысы болып қызмет ете жүріп, Қарағандығының жоғары милиция мектебін сырттай тәмамдап шығады. Кейін Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру қызметі бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін адал атқарып, подполковник шенін алады. Краснояр селосында көп жыл полиция бөлімшесін басқарады. 2011 жылдан бері зейнет демалысында.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл