Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қапшағай су қоймасында жас қыз суға батып кетті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың айтуынша, оқиға орнында құтқарушылар, дәрігерлер, бейнебақылау камералары мен қауіпсіздік құралдары болмаған. Қызды судан куәгерлер шығарып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, аман алып қалу мүмкін болмады.
Жағажай жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Депутат олардың қауіпсіздік шараларын ескермей, тек кіреберісте ақша жинаумен шектелетінін айтты.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу басталғанын хабарлады. Демалыс аймағы уақытша жабылды.