Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Ленин атындағы кеніште болған ТЖ дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.