Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ағымдағы жылдың қараша айында азаматтар 74 келі алтын сатып алған. Бұл дегеніміз – 2 327 құйма.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2017 жылдан бастап банктер мен айырбастау пункттері жалпы салмағы 1,45 тонна болатын 40 мыңнан астам алтын құймасын сатты.
Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Ең көп сатылғаны - 10 г құйма. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни, 10 199 дана. Одан кейін 20 грамдық – 9 061 дана (23%) және 100 грамдық құйма – 8 863 дана (22%), 5 грамдық – 7 001 дана (18%), 50 грамдық құйма – 4 957 дана (12%).
Қалалар арасында алтын сатып алу бойынша жоғары көрсеткіш Алматы қаласында. Одан кейін Атырау қаласы болса, еліміздің бас қаласы үшінші орында.
Алтын құймаларды еліміздің екінші деңгейлі банктерінен және айырбастау пункттерінен сатып алуға және қайта сатуға болады.