Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері елмен бірге Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр. Статистикаға сәйкес, армиядағы әскердің 20 пайызы - өзге ұлт өкілдері, деп хабарлайды Dauletten.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасқанын атап өтті. Елде ынтымағы ортақ мұрат пен құндылықтармен жарасқан 100-ден астам этнос өкілі тұрады.
«Көк төлқұжат пен көк Ту – бұл біркелкіліктің нақты нышандары», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қилы заманда Қазақстанға жүздеген мың өзге ұлт өкілі келіп қоныстанғанын тағдырмен байланыстырады. Көнекөз қариялар қазақ халқы 30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп жер аударылғандарға қалай көмек қолын созғаны жайлы жас ұрпаққа айтып жүр.
Сондықтан Қазақстанда алуан түрлі мәдениет, дәстүр мен конфессиялардың бірегей әлеуметтік-демографиялық портреті қалыптасты.
Қарулы Күштер қатарында осында мекен еткен орыс, украин, татар, ұйғыр, өзбек, неміс, кәріс, белорус, қырғыз, грузин, башқұрттар да қызмет етеді.
фото: ash.kz