Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде шет мемлекетке шығуға тыйым салынған борышкерлерді берешегі туралы әуежайда емес, ұшуға 5 жұмыс күні қалғанда хабардар болады. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан президенті 27 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Аталмыш заң 8 шілде күні күшіне енді. Нәтижесінде елден шығуға тыйым салу бойынша шектеу шаралары жеңілдейді.
Заңға сәйкес, берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен жағдайда, елден шығуға тыйым салынады. Бұған дейін 20 АЕК болған еді, енді екі есеге артып отыр, яғни 40 АЕК немесе 111 120 теңгені құрайды.
Тағы көру