Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай атап өтеді және мереке күндеріне қандай жоспары бар? Бұл сұраққа ҚР Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
“Президент Жаңа жылды әдетте қалай қарсы алады? Қаңтардың алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды жоспарлап отыр ма?” – деген сауал қойылды баспасөз хатшысына.
- Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің көптеген азаматтары сияқты өз шаңырағында, жақындарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің бұл мерекеде шетелге шығу немесе демалу жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалуға уақыты тапшы деуге болады. Ол мереке күндері де жұмыс істеп, құжаттармен айналысады, – деп жауап берді Берік Уәли.