Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда өтетін "Қайрат" пен әлемнің әйгілі клубы "Реал Мадрид" арасындағы ойынға билет алу оңайға соқпады. Сатылым басталған сәттен-ақ ресми сайт пен қосымшада мыңдаған адам кезекке тұрды. Кейбір жанкүйерлердің жүйедегі кезек нөмірі 100 мыңнан асып кеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін "Қайрат" клубы билетті тек ресми сайт пен SuperApp қосымшасы арқылы сатып алуға кеңес берді. Үшінші тарап сайттарынан алынған билеттер жарамсыз болып қалуы мүмкін.
Маңызды ереже
• Матч күні билеттер электронды түрде жанкүйердің пошта жәшігіне жіберіледі;
• QR-кодты сканерлеу арқылы стадионға кіру мүмкін болады;
• Билет скриншотын көрсетуге болмайды.
Айта кетейік, бір адамға 2 билеттен артық берілмейді. ЖСН және төлқұжат деректері көрсетілуі керек. Бұл деректер стадионға кірген кезде де тексеріледі.
Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде "Отандастарымызға сәттілік тілейміз! Жеңіс бұйырсын! Қазақстан алға, Қайрат алға!" деп қазақстандықтар қайраттықтарға сәттілік тілеп жатыр.