Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ranking.kz басылымына сілтеме жасап.
ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің деректеріне сәйкес, өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 817,2 АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш Өзбекстандағы (437,8 доллар) және Қырғызстандағы (411,2 доллар) жалақыдан екі есеге жуық жоғары. Ал Тәжікстанда орташа жалақы Қазақстаннан 3,4 есе төмен, яғни 242,8 доллар болды.
Түркіменстанда ресми номиналды жалақы туралы жаңа мәліметтер жоқ. Соңғы рет бұл ақпарат 2023 жылы Түркіменстанның мемлекеттік статистика комитетінің сайтында жарияланған.
Қазақстан аймақта ең төменгі жалақы мөлшері бойынша да көш бастады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 85 мың теңгені, яғни 181,1 АҚШ долларын құрады. Орталық Азияның басқа елдерінде ең төменгі жалақы айтарлықтай төмен болды: Өзбекстанда – 89,4 доллар, Тәжікстанда – 54,9 доллар, Қырғызстанда – 28,3 доллар.
Түркіменстандағы ең төменгі жалақы ресми мәліметтер бойынша 1410 манатты құрап, 402,9 доллар деңгейінде көрінуі мүмкін. Алайда бұл ақпаратты нақтылау қажет, өйткені Түркіменстан ұлттық банкі 1 АҚШ долларын 3,5 манат деп есептейді. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, елде валютаны мұндай бағаммен айырбастау мүмкін емес. Түркіменстанда барлық валюта операциялары “қара” нарықтағы бағаммен (1 доллар = 19 манат) жүзеге асырылады. Осы бағам бойынша елдегі ең төменгі жалақы 2024 жылы небәрі 74,2 долларды құрады.