| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
207 мың азаматқа ай сайын арнайы жәрдемақы төленеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 207 мыңнан аса адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл төлемдерге мемлекет тарапынан ай сайын 22,3 млрд теңге бөлінеді.
Арнайы жәрдемақы 1999 жылдан бастап енгізілген әлеуметтік қолдау тетігі. Ол жеңілдіктері бар 17 түрлі санаттағы азаматтарды қамтиды. Олардың ішінде:
– соғыс және тыл ардагерлері;
– Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқандар;
– саяси қуғын-сүргін құрбандары;
– түрлі мемлекеттік наградалар алған тұлғалар және басқа санаттар бар.
Әр санат үшін жәрдемақының мөлшері жеке белгіленеді. Төлем көлемі 2,13 АЕК-тен 138,63 АЕК-ке дейін болуы мүмкін.