Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда банктер жеке тұлғаларға несие беру талаптарын жеңілдетпек
Жаңалықтар

Қазақстанда банктер жеке тұлғаларға несие беру талаптарын жеңілдетпек

23.11.2021
1 мин
24
14227

Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев 2021 жылдың III тоқсанында кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Банктер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, 2021 жылдың III тоқсанында бизнес субъектілері тарапынан кредитке сұраныс әртүрлі бағытта өзгерген. Банктер скорингтік модельдердің нәтижелері бойынша берілетін кепілсіз қарыздар сегментінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін белсенді кредиттеуді жалғастырды",- дейді Олжас Күбенбаев.

III тоқсанда түскен кредиттік өтінімдер саны тоқсаннан тоқсанға 43%-ға артып, 221 мың мөлшерінде жаңа ең жоғарғы шегіне жетті, ал өтінімнің орташа мөлшері 21 млн теңгеге дейін т/т 1,5 есе ұлғайды. Көптеген банкте орта бизнес кредиттеріне сұраныс алдыңғы тоқсан деңгейінде сақталған. Дегенмен, жекелеген банктер орта бизнес субъектілеріне скоринг модельдерінің нәтижесі бойынша берілетін қысқа кепілсіз қарыздарды белсенді түрде ұсынды.

“Нәтижесінде III тоқсанда келіп түскен кредиттік өтінімдер саны 1,3 мыңға дейін (27%-ға) өскен, ал өтінімнің орташа мөлшері 512 млн теңгеге дейін (59%-ға) төмендеген. "Ірі кәсіпкерлік субъектілері тарапынан кредитке сұраныс соңғы II тоқсанда олардың коронавирустық пандемиядан кейін баяу қалпына келуіне және 2021 жылдың басында кейінге қалдырылған сұраныстың іске асырылуына байланысты айтарлықтай төмендеді. 2021 жылы орта есеппен тоқсан ішінде түскен өтінімдер саны (239 өтінім) 2020 жылғы деңгейде қалып отыр, бірақ 2019 жылғы деңгейден әлі де 28%-ға төмен. Дегенмен, ірі қарыз алушылар өтінімінің орташа мөлшері III тоқсанда пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 7 млрд теңгені құрады", - дейді қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры.

Кредитке өтінімдер бойынша мақұлдау коэффициенті өткен тоқсанмен салыстырғанда бизнестің барлық сегментінде төмендеді, бұл ретте ШОБ үшін кредит беру шарттары біршама жеңілдеді.

“Ірі банктер жақын арада экономиканың өсуін күтіп, бизнестің жекелеген салалары бойынша тәуекел деңгейін қайта қарастырды. Банктер келесі тоқсанда шағын және орта бизнес тарапынан кредитке деген сұраныстың өсуі жалғасады деп күтеді. Бұл ретте, кредиттеу талаптары бойынша көп жағдайда өзгерістер күтілмейді. Халықтың ұзақ пайдаланылатын тауарларға кететін шығыстарының ұлғаюы және ірі банктердің маркетингтік акциялар мен науқандар өткізуі III тоқсанда кепілді және кепілсіз тұтынушылық кредиттеу сегментіндегі сұраныстың біршама өсуіне әсер етті" , - дейді ол.

Сапалы клиент үшін бәсекелестік – клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды төмендету, несие лимитін арттыру және пайыздық мөлшерлемені азайту бөлігі бойынша кредиттеу талаптарын жеңілдетуге ықпал етті. Кепілді және кепілсіз қарыздар бойынша түскен өтінімдер саны тиісінше 33%-ға және 8%-ға өсті.

Банктер III тоқсанда автокредитке деген сұраныстың төмендеуін салондарда жаңа көліктердің болмауымен, сондай-ақ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының тоқтатылуымен түсіндіреді. Берілген автокредиттер бойынша талаптар кредиттік скоринг аясындағы шекті мәндер мен сыйақы мөлшерлемелері бөлігінде жеңілдетілді. Есепті тоқсанда түскен өтінімдер санының 10%-ға өсуіне қарамастан, оларды мақұлдау үлесі алдыңғы тоқсан деңгейінде қалды.

"Ипотекалық несиелеуге келетін болсақ, банктердің пікірінше, III тоқсанда сұраныстың төмендеуі "Баспана-Хит" ипотекалық кредиттеу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталуымен, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығындағы жоғары бағалармен байланысты. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда, ипотека бойынша түскен өтінімдер саны 27%-ға өсті, алайда оларды мақұлдау үлесі 17%-ға төмендеді. Ипотекалық кредиттер бойынша шарттардың кепілге қойылатын талаптарды жеңілдету, сыйақы мөлшерлемесін төмендету, комиссияны азайту және көптеген банктердің бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшерін қайта қарастыру бөліктерінде жұмсартылуына қарамастан, жекелеген банктер клиенттерінің кредит төлеу қабілетін бағалау үшін енгізген скоринг жүйесі қарыздар бойынша мақұлдау үлесінің төмендеуіне алып келді", – деді сарапшы.

Келесі тоқсанда банктердің көпшілігі жеке тұлғаларды кредиттеудің барлық сегменті бойынша кредиттеу талаптарын жеңілдетуді жоспарлап отыр, осыған байланысты кепілді және кепілсіз тұтынушылық қарыздар, сондай-ақ автокредиттеу бойынша сұраныстың ұлғаюы күтіледі. Банктердің пікірінше, ипотекаға сұраныс осы тоқсан деңгейінде сақталады.

2021 жылдың III тоқсанында кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 20 банк қатысты. Ұлттық Банк сауалнаманы кредиттік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді бағалау мақсатында тоқсан сайын жүргізеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
24 Пікір
Д
Дариға 29.11.2021
Займ беретін мекемелер жабылсын
Жауап беру
А
Алия 27.11.2021
Онлайн кредиттерди мулдем жауып тастасын.
Жауап беру
А
Аяжан 27.11.2021
Онлайн займ барин жауып тастасыншы толей алмай отырмыз проценты жаман көөөөөпппп
Жауап беру
Г
Гулназ 26.11.2021
Каспи банктеги кредитти кеширилсе екен я бомаса устиндеги проценттин азайтса екен.
Жауап беру
А
Алиям 25.11.2021
Крелити жеңілдейтин ақша жетпейді
Жауап беру
А
Айгерим 24.11.2021
Қанша айқайласақта дауысымыз жетпейтін заман болдығо. Кредитке батып отырмыз. Бірақ ол айдайды естейтін билік жоқ. Өлместің күнін көрумен келеміз. Бәрібір ешкімге халықтың жағдайы қызық емес
Жауап беру
Б
Багдагул 24.11.2021
Кредитимди жауып ьерсе екен отиниш киналып кетим
Жауап беру
Н
Нұргүл 24.11.2021
Кредит деген жетед ақшаны аламыз кредитке береміз не айлық өспейді, продукты қымбат не болар екен сұмдық. Ақша жетпей кредитті алып абден баттық .
Жауап беру
Н
Нурсулу 24.11.2021
Мен өкметтен ешқсндай ақша алмаймын,өзім интульт алғанмын жұмысқа жарамаймын маған пенсияда инвалидниде бермейді кридиткке баттым жалғыз ұлым баролда жұмыссыз жүр өзінің мамандығымен жұмысқа кірейін десе ақша сорайды қашан бізде әділдік болады парабермесең жұмысқа алмайды неістеуге болады түсінбеймін ее өзімді жұмыса алмайды
Жауап беру
Ж
Жанар 24.11.2021
Балдар ыма киімге алған едім зеимерден бірін алып бірне жауып журып карызага батым енді білмеим не болар ын
Жауап беру
С
Салтанат 24.11.2021
Кридит тим коп толей алмай отырмын
Жауап беру
А
Асланбек 24.11.2021
Каспи банк кредитімді кешірсе деймін қазақстанда күнде өзгеретін заңның біреуі каспи банктің кредитін кешіткізсе
Жауап беру
Ж
Жамила 24.11.2021
микрокредиттерим кобейип барады,соган бир улкен сомманы алсам деп едим барлык банк отказ береди,микродит коп болган сон, соны бир банктен толеуге ким комек бере алады,кай банктен кайта каржыландыру алуга болады калай комектесе алады банктер,маган унеми отказ береди кай
Жауап беру
М
Мейрвмбек 24.11.2021
қара тізімді қалай өшіруге болады
Жауап беру
Ж
Жанар апай 23.11.2021
Елдің,халықтың жағдайын да ойласын заң шығарғыштар!
Жауап беру
Ж
Жадыра 23.11.2021
Елдің,халықтың жағдайын да ойласын заң шығарғыштар!
Жауап беру
А
Асылжан 23.11.2021
Бол отирик уилеспиди аиткандары
Жауап беру
А
Асылжан 23.11.2021
Бол отирик уилеспиди аиткандары
Жауап беру
T
Toлганай 23.11.2021
Несие беру пайызын азайтса жакасы болгар еди
Жауап беру
Н
Нұрбол 23.11.2021
Мақала тақырыбы мен мазмұны ұйлеспейді
Жауап беру
А
Ақмарал 23.11.2021
Несие беру талаптары жеңілдесе болар еді
Жауап беру
А
Алия 23.11.2021
Несие беру талаптарын женилдетсе жаксы болар еди.асиресе пайызын тусирсе екен
Жауап беру
А
Алия 23.11.2021
Несие беру талаптарын женилдетсе жаксы болар еди.асиресе пайызын тусирсе екен
Жауап беру
А
Айдар 23.11.2021
5 дурыс шыкты
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл