Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады
Жаңалықтар

Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады

12.09.2022
1 мин
5
2218

Қазақстанда 9 млн халық ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тегін оқыту курстарымен қамтылады.

Министрлік мәліметінше, елімізде Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту үшін негіздер қалыптастырылып, ол заңнамалық деңгейде бекітілетін болады. 

Біріншіден, тегін оқыту курстарымен қамтылатын еңбекке қабілетті азаматтар санын бірнеше есе арттыру жоспарланған. 

Егер бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша азаматтардың жекелеген санаттары ғана оқытылып келсе (бұл шамамен жылына 500 мың адам), енді әлеуметтік санаты мен мәртебесіне қарамастан еңбекке қабілетті жастағы барлық азамат қамтылады (бұл 9 млн адамға жуық).

Атап айтқанда, мемлекет жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жұмыссыздар мен халықтың жекелеген нысаналы санаттары үшін қысқа мерзімді тегін оқыту курстарын ұйымдастыратын болады. Бұл ретте оларға оқытудың түрлі форматтары, оның ішінде skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуды ұсыну көзделуде. Бүгінгі күні бұл платформада 151 курс орналастырылған, оның 97-нен тегін өтуге болады.

«Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жаңа технологияларды енгізуді немесе жаңа өндірістер ашуды ескере отырып, біліктілікті арттыру, қайта бейіндеу курстарын ұйымдастырады. Оқыту жұмыс берушінің таңдауы бойынша жұмыс орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарының базасында өтетін болады.

Азаматтар әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекет немесе жұмыс берушілер ұйымдастыратын тегін курстардан өте алады немесе ақылы курстарды өз қалауы бойынша таңдай алады», - делінген министрлік мәліметінде. 

Екіншіден, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау көзделіп отыр. Ұлттық біліктілік жүйесін қайта жүктеу осыған бағытталған.

«Жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы білім беру бағдарламалары жаңартылатын жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады. 

Кәсіби біліктіліктерді тану орталықтары кәсіби біліктіліктерді, оның ішінде ресми, бейресми және информалды білім беру арқылы алынған мамандардың жекелеген дағдыларын бағалайды және тиісті сертификаттар береді», - деді ведомстводан.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2527 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Е
Есенбаева Угылай 12.09.2022
Мектеп ты бытырып окуга тусалмаган жастар окуга болама калаган каласында
Жауап беру
М
Моншак Изтилеуова 12.09.2022
Кандай оку турлери бар
Жауап беру
Қ
Құнанбаева Шұғыла 12.09.2022
Қандай курстар бар?
Жауап беру
Ә
Әмина 12.09.2022
Қандай оқу курстары болады?
Жауап беру
А
Актолкын Кулымбетова 12.09.2022
Калай тапсырсам болады тегин окуга
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл