Қазақстанда интернет-алаяқтар балаларды да алдауда
09.01.2025
1 мин
0
662
Сурет: Shutterstock
Қазақстанда интернет-алаяқтар балаларды алдау үшін ұтыс туралы өтініштер мен көмек сұрауларын пайдаланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-алаяқтардың балаларды қандай тәсілдермен алдайтынын айтып берді.
Алаяқтардың қолданатын онлайн-айлалары:
“Күтпеген ұтыс”: балаға электронды пошта немесе әлеуметтік желі арқылы ақшалай сыйлық немесе шетелге жолдама ұтып алғаны туралы хабарлама келуі мүмкін. “Ұтысты” алу үшін баладан сілтеме бойынша өту сұралады.
“Жалған көмек сұрау”: алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған көмек сұрауларын таратады. Мысалы, баланың танысының атынан емделуге немесе басқа мұқтаждықтарға ақша аударуды сұрап, жазба жариялайды немесе хабарлама жібереді.
“Уникалды қосымша”: алаяқтар балаға ерекше қосымша жүктеуді ұсына отырып, оған сілтеме жібереді. Олар ойындардағы көмек, тез байып кету тәсілі немесе кез келген адамның орналасқан жерін қадағалау мүмкіндігін уәде етеді. Бұл тыңшылық бағдарлама болып табылады, ол жеке деректерді жинайды, геолокацияны бақылайды және құрылғыдағы басқа қосымшаларға қол жеткізе алады.
- Алаяқтардан балаларды қорғау үшін оларға бейтаныс адамдарға өздері мен жақындары туралы ақпарат беруге болмайтынын түсіндіру керек. Балалар кез келген жағдайда ересектерге жүгіне алатынын және бұл үшін олардың жазаланбайтынын білулері маңызды, – деп кеңес береді агенттік.