Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда мал сатып алуға берілетін несиенің кепілдік саясаты өзгерді
Жаңалықтар

Қазақстанда мал сатып алуға берілетін несиенің кепілдік саясаты өзгерді

31.07.2020
1 мин
9
3374

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығын дамыту ережелеріне мал шаруашылығының дамуына оң әсер ететін бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

Атап айтқанда,  негізгі өзгеріс қой шаруашылығының субсидиясына енгізілді: асыл тұқымды қойларға селекция жүргізу және асылдандыру жұмыстарының нормалары  2 500-теңгеден 4 000 теңгеге дейін, тауарлы қойларға – 1 500-теңгеден 2 500 теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ, асыл тұқымды отандық (8 мыңнан 15 мыңға дейін) және импортталған қойларды (бір басына 150 мың теңгеге дейін) сатып алу нормалары жоғарылады.

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында министрлік мал сатып алуға берілетін несиенің кепілдік саясатын өзгертті. Сонымен қатар, фермерлік шаруашылықтар мен бордақылау алаңдарының несие алу өтініштерін қарау мерзімі оңтайландырылды.

Енді малды 1:1 өтімділік коэффициентімен сатып алуға болады. Сонымен бірге, фермерлер субсидия алғаннан кейін тұрақты кепілдік - 15% болады. Қалған 85%-не сатып алынған малды кепіл ретінде қояды.

Мал өсірушілерге қосымша қолдау көрсету үшін карантин кезіндегі диагностикалық зерттеулердің бағасы сиырға 23,5 мыңнан 4271 теңгеге дейін, ал Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген бұқаға 28,5 мыңнан 8741 теңгеге дейін төмендетілді.

Әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштеріне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантин кезінде импортталған малға диагностикалық сынақтар жүргізу  шығындарын оңтайландырды.

Еуропалық Одақта жануарлардың аса қауіпті ауруларына қатысты эпизоотиялық жағдай тұрақты болғандықтан, карантин кезінде Шмалленберг ауруына Еуропалық Одақтан әкелінетін жануарларды бір ПТР (Полимеразалық тізбекті реакция) тестілеуге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ карантиндеу кезіндегі импортталған жануарларды диагностикалық зерттеу құны Қазақстан Республикасының барлық аймағында бірдей.

Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1 500 басқа дейін малы бар мал шаруашылығы кешендерін техникалық тұрғыдан күрделі объектілер санатына жатқызбау ұсынысы қабылданды.

Енді мал шаруашылығы кешендерінің және сүт, ет өнімдерін өндіретін фермалардың, мал басының саны 1 500-ге дейін жететін бордақылау алаңдарының, сондай-ақ мал басының саны 10 000-ға дейінгі шошқа шаруашылықтарының жобаларын міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу талап етілмейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
Ә
Әсемгүл 02.08.2020
Мен зейнеткермін.Зейнетақым қазіргі тұтынушы кәрзеңкесіне сәйкес келмей жатыр.Мен мал асырап отбасымды асырап қалғанын елге эко өнім ретінде сатып пайдасын көрсем деймін.Сіздердің ақыл кеңестеріңіз керек.Не істесем екен?
Жауап беру
А
Абдыбек 02.08.2020
Пенсияга шыккам Маган бере ма
Жауап беру
Б
Болат 01.08.2020
Мал өсіруге субсидия алғымыз келет қазір жұмыссызбын мал өсіргім келет қандаи көмек бар қалай алуға болоды кепілдік қояма бізде кепілге қоятын жоқ сонда не істеуге болады
Жауап беру
Б
Болат 01.08.2020
Мал өсіруге субсидия алғымыз келет қазір жұмыссызбын мал өсіргім келет қандаи көмек бар қалай алуға болоды кепілдік қояма бізде кепілге қоятын жоқ сонда не істеуге болады
Жауап беру
М
Мен Манзура 01.08.2020
Маган супсидя олсам буладима узимни уйимде мал баксам деб едим
Жауап беру
М
Мадина 01.08.2020
Казыр 100 бас токты кошкар бар енді осы субсидияны калай алсам болады және ол акшасы кері кайтарыладыма оның үшін кайда бару керек
Жауап беру
Ж
Жанерке 31.07.2020
Соны айтамғой ірі қаиаға өте аз ақша
Жауап беру
А
Асель 31.07.2020
Супсиданы бурын бизнеспен айналыспаған адамға беремін ол ушин кайда бару керек
Жауап беру
А
Ақмарал 31.07.2020
Ірі мал алып бастау үшін 4,мил аз емес пе?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл