Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде қаңтар-ақпан айларында 2,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ға көп, деп хабарлады Dauletten.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша Алматы қаласы екі ай қатарынан көш бастады: +102,2%. Сондай-ақ алғашқы үштікке Маңғыстау облысы (+80,7%) мен Шымкент (+61,5%) қалалары енді.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы 20 өңірдің үшеуінде, яғни СҚО (-28,1%), Ұлытау облысы (-25,7%) және Астанада (-0,1%) байқалады.
Биыл екі айда ғана 4 568 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді. Оның 178-і – көпқабатты үйлер, 4374-і – жеке үйлер және 16 жатақхана.
Пәтерлер ең көп пайдалануға берілген өңірлер:
Астана – 5 074;
Алматы – 4 463;
Алматы облысы – 1 430;
Ақмола облысы – 1 184;
Маңғыстау облысы – 1077.
Жыл басынан бері 18 902 пәтер пайдалануға берілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп.
Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысының нақты құны 370 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,1 пайызға көп. Қаражаттың үштен бірі, яғни 103 миллиард теңгеге жуығы Алматыдағы тұрғын үй құрылысына жұмсалды.
Қазақстан бойынша құрылыстың нақты құны 1 шаршы метрге 172,3 мың теңгені құрады.