| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дәрігерлер обырды емдеуде протондық жаңа тәсілді қолдана бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологиясы — протон терапиясы қолданысқа енді. Бұл әдіс сәулелік терапияның ағзаға кері әсерін 60–70%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Онколог Алуа Қанатқызының айтуынша, протон терапиясы кез келген кезеңдегі обырды емдеуге жарамды, әсіресе балалар мен бұрын сәулелік терапия алған пациенттерге тиімді.
- Балалардың ағзасы өсіп жатқандықтан сәулеге өте сезімтал. Протон терапиясында сәуле тек ісікке бағытталады, сау тіндерге зақым аз түседі. Бұрын радиация алған науқастарда ағза радиорезистентті элементтер шығарады, ал протондар оны жеңуге мүмкіндік береді, – деді маман.
Жаңа әдіс онкология саласында емдеудің қауіпсіздігін арттырып, пациенттердің қалпына келу мүмкіндігін күшейтеді.