Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда Блогерлер қауымдастығы құрылмақ. Бұл туралы Достық үйі баспасөз орталығының жетекшісі Равиль Валеев айтты.
«Қалай болғанда да әлеуметтік желі алаңдары есеп айырысу немесе біреулерді қудалау үшін пайдаланылмауы тиіс. Осыған орай медиа орталығымыздың отырыстарының бірінде Блогерлер қауымдастығын құру идеясы айтылды. Бұл Ассамблеяның беделін үзуге, этномәдени бірлестіктердің қызметіне нұқсан келтіруге бағытталған әлеуметтік желілердегі теріс пікірлерге реакциямыз болды. Қазір ұйымдастыру мәселелерін талқылап жатырмыз. Блогерлер қауымдастығы жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналуы тиіс», - деді Равиль Валеев Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында.
Оның болжамынша, қауымдастық құрамына депутаттар, ҚХА мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, Азаматтық альстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтардың және өндірістік саланың өкілдері кіреді.
Сонымен қатар ол ҚХА Қазақстан халқының бірлігін бұзуға бағытталған заңсыз және теріс жарияланымдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізетіндігін баса айтты.
«Кей жағдайда «бізге Ассамблеяның қажеті қанша?» деген тақырыпта ашу-ызамен жазба қалдырған авторлармен достасып та үлгердік. Көп жағдайда Ассамблеяның жұмысы мен этномәдени бірлестіктердің түпкі мәні жайында жеңіл-желпі түсінігі бар ол адамдар популистік ұранның жетегіне кетіп қалған», - деді ол.