Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда сирек жер металдарына (СЖМ) перспективалы аумақтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздестіру жұмыстары жалғасуда.
- Қазіргі уақытта Қуыректікөл учаскесінің (Қарағанды облысы) перспективалығы туралы деректер бар, оның қоры шамамен 800 мың тонна, ал болжамды ресурстары – 935,4 мың тонна сирек жер металдарын, оның ішінде церий мен лантаноидтарды құрайды, – деді Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, сирек жер металдарын барлаумен Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар айналысуда.
- Саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және сирек жер металдары саласының даму әлеуетін көтеру мақсатында министрлік сирек жер металдарының теңгерімдік қоры туралы деректерді (осмий мен ренийден басқа) құпиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде, – деп қосты Шарлапаев.
Оның айтуынша, бұл жұмысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.