Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды
Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды

26.08.2021
1 мин
0
1751

Алматы қаласының экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Capital Bank Kazakhstan» акционерлік қоғамына банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде  бұзғаны үшін банк 2021 жылғы 25 маусымнан бастап лицензиясынан айырылды.

«Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, банк капиталының мөлшерін және ашық валюталық позицияның есеп айырысу ережелері мен лимиттерін белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзу», – деп хабарлады Алматы қаласы МАЭС баспасөз қызметі.

Банк бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен Банк төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылды.

Банкті тарату туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін банктің тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтын болады.

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл