Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаздың соңғы айында елімізде бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Тамыз айына жоспарланған бірқатар шараларды назарларыңызға ұсынамыз.
42 500 + 21 250 теңге
Карантин режимінің екі аптаға созылуына байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгенің жартысы төленеді. Өткен айға төлем тағайындалған жандар автоматты түрде 21 250 теңге алады. Ал шілде айына алғаш өтініш берген азаматтарға 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) төленеді.
Коронавирус пен пневмонияның статистикасы бірге есептеледі
Елімізде 1 тамыздан бастап COVID-19 және пневмония ауруларының статистикасы біріктіріледі. Осы уақытқа дейін науқастардың саны статистикаға кірмейді. Яғни, тамыз айынан бастап тіркелген жағдайлар қосылады.
Сайлау
12 тамызда парламент сенатының сайлауы өтеді. Сенат депутаттығына 58 үміткер тіркелді. Өңірлер арасында ең көп кандидаттар санын Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысы ұсынған. Қазір кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр. 11 тамыз – тыныштық күні, ал 12 тамыз – дауыс беру. Сайлау қорытындысы 18 тамызда белгілі болады.
Білім саласы
Карантинге байланысты бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 20 тамыз дейін ұзартылды. Докторантураға құжат қабылдау 10 тамызға дейін ұзартылса, магистратураға түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеу 3 тамызда емес, 17 тамызға ауыстырылды.
Әуе қатынасы жанданады
Осы айда Таиланд пен Грузияға рейстерді ашу жоспарланып отыр. Ал 10 тамыздан бастап қазақстандықтар Түркияға ұша алады.
Карантин жеңілдейді
2 тамызда аяқталуы тиіс карантин режимі, 17 тамызға ұзартылды. Десек те, үкімет карантиннен кейін қандай нысандар жұмыс істейтінін айтты. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сұлулық салондары, білім орталықтары, жабық базарлар, үйірмелер және тағы басқа нысандар. Денсаулық сақтау министрлігі қызметі жанданатын нысандарға қойылатын санитарлық талаптарды 5 тамызға дейін әзірлеп, жариялайды. Әр нысан ашылар алында мұқият тексерістан өтеді.
Тағы көру