Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде автомокөліктердің орташа бағасы 11,7%-ға өсті. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» соңғы төрт айдағы автомобиль нарығындағы баға динамикасы жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды NewTimes.kz.
Зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтар 18 368 жеңіл және коммерциялық автокөліктерді 169,3 млрд теңгеге сатып алған.
Сатып алынған автокөліктің орташа құны 9,9 млн теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11,7%-ға қымбат.
« Нарықта қазақстандық өндірушілердің көліктері қолжетімді баға болып қала бермек. Отандық автомобильдердің орташа бағасы 7,6 миллионды құрайды. Импорттық көліктердің баға көрсеткіш 12,4 млн шамасында», - делінген хабарламада.
Ең арзан 10 автомобильдің қатарына Lada 4x4 (4,1 млн теңге), Ravon Nexia (4,1 млн теңге), Ravon R4 (4,9 млн теңге), Lada Largus (5 млн теңге), Lada Vesta (5,1 млн теңге), Renault Logan (5,2 млн теңге), UAZ 3741 (5,2 млн теңге), Lada XRAY (5,3 млн теңге), UAZ 3909 (5,4 млн теңге).
Ең қымбат модельдер рейтингінде көшбасшылар – Mercedes-Benz G-класс (110 млн теңге), Genesis G90 (53,2 млн теңге), Porsche Cayenne (51 млн теңге), BMW 8 серии (50 млн теңге), Lexus LX (49 млн теңге), BMW X7 (42,9 млн теңге), BMW X6 (40,9 млн теңге), Porsche Panamera (37,9 млн теңге), Audi Q8 (37,1 млн теңге), BMW X5 (36,5 млн теңге).
Тағы көру