Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады
Жаңалықтар

«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады

17.07.2023
1 мин
0
537
Inbusiness.kz

Биылғы жылы  «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінді. Ал өтінім қабылдау 24 шілдеден басталады, дейді Dauletten.kz.

«KazAgroFinance bot арқылы өтінім бергеннен кейін клиент 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады. Клиенттердің бұрын берілген өтінімдер бойынша құжаттарды ұсынбауына, сондай- ақ өтінім беру кезінде дұрыс емес деректердеі енгізуіне байланысты бөлінген лимит шеңберінде 7 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бос қалдығы қалыптасты»,- дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің/құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды мынадай шарттармен қайта бастайды:

- лизинг нысанасы: отандық өндірістің/құрастырудың аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасы;

- мөлшерлеме - жылдық 6% ;

- лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;

- аванс - лизинг нысанасы құнының 15% - от бастап;

- қамтамасыз ету - қажет емес;

Қаржыландыру лимиті -120 млн теңгеден аспайды және лизинг затының 2 бірлігінен аспайды.

Клиент Telegram – bot -қа өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ҚазАгроҚаржы филиалына құжаттардың толық пакетін (Құжаттар тізбесі мен нысандарын) ұсынуы қажет.

Сондай-ақ мал басының азық базасына қажеттілігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және «Жасыл өнім» бағдарламасына бағытталған «Өз жем шөбін», әлеуметтік- маңызы бар азық-түлік өнімдерін (көкөністер, жемістер, жидектер, қант қызылшасы) өндірушілерді жеңілдетілген қаржыландыруға бағытталған бағдарламасы бойынша жылдық 6%-бен қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл