Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері айтылды
Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері айтылды

12.08.2021
1 мин
11
6212

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы 99 921 теңге екенін хабарлады.

"2021 жылдың қаңтар-шілдесінде республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бағытталды", - деп хабарлады еңбек министрлігі.

Ал 2021 жылдың шілдесінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,1 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 238 мың адамды құрайды.

"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады", - делінген ақпаратта.

Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. 

Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жылда күнкөріс құнының 94%-ін құрайды.

33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде жоғары белгіленеді.

Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдері соғұрлым көп болады.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
11 Пікір
Т
Ташбаева улжалгас 1960 .жылғы қазіргі кезде 58.000 пенсия дұрыс па 13.08.2021
Мен 17 жыл жұмыс істейдім 53 жасымда бала санымен шығарды.
Жауап беру
А
Амангеды пенсия косылама 70 мын пенсия ештене жетпеиды крыдитым бар екы жалгыз бастымын пенсияга Акша косылама алде крыдытымды.шауап береме жасым 65 темын 13.08.2021
Жауап кутемыз
Жауап беру
О
О 13.08.2021
Берылген акпараттар кайда пенсия косыамвз
Жауап беру
М
Мырзахан 13.08.2021
Мен 1955 жылғымын пенсиядамын ,100 мыңның үстінде пенсия аламын соған 24мың ақша қосылады аейнетақы жинақтау қорындағы екі миллиондай ақшадан сол ақшамызды неге бермейді толыұ осы жерде әділетсіздік жасап отыр біздден бұрынғы жылғылар зейнетақы қорындағы ақшаларын екі бөліп берді жеке тұрғыг үйге және емделуге бөлініп отырған система дұрыс еме біз сиқты ауылда тұратынтарғ беру керек бұл система ауқатты адамдармен жұмысы бар ларға арналған
Жауап беру
А
Айнагул 13.08.2021
Пенсиядан Пенсияға жетпейді менің 11 айлық қызым бар талып қалабереді балницаға апарамын бәрі платныи
Жауап беру
А
Алтынай 13.08.2021
Шыныменде пенсия жетпейди.заттар кымбат
Жауап беру
И
Исмаил 13.08.2021
Менімше пенсияны күн кіріспен емес нарықпен есептеу керек сиақты. Күнкөріс деген тамағың болса киімің жоқ киімің болса тамағың жоқ деген сөз.
Жауап беру
Н
Нұрлан 13.08.2021
Осыны неге жыр етіп қайта-қайта айтып жаза бересіңдер!! Алған пенсия келесі алатын пенсияға дейін шәйлігіне зорға жетеді!!Қымбаттамаған товар,қызмет,дәрі-дәрмекжоқ!!Еселеп қымбаттап кетті!!Теңге тіптен құнсызданып тұр!!ШҰҒЫЛ ИНДЕКСАЦИЯ ЖАСАП, ПЕНСИЯНЫ көбейту керек!!
Жауап беру
Н
Назгул 12.08.2021
Жолдасым жұмыста жок өзім декреттемін
Жауап беру
Қ
Құралай 12.08.2021
Әйел адамдар зейнетке неше жасында шығады?!
Жауап беру
П
Перизат 12.08.2021
Сонда 2021 жылы пенсияга шыккандар 99. 921 мын аладыма
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл