Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде баспаналы болуға арналған төрт түрлі бағдарлама жұмыс істейді. Қазақстандықтар жалақы мөлшеріне қарай тұрғын үй ала алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Сондай-ақ, министр баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты берілетінін атап өтті.
1. Бір күнкөріс минимумына дейін - табысы төмен азаматтар. Бұл отбасындағы әр адам үшін 31,2 мың теңге. Жалақы мөлшері бұл сомадан аспаса, жалдамалы тұрғын үй ұсынылады
2. Екі күнкөріс минимумына дейін табысы бар азаматтар, отбасындағы әр мүшесі үшін 62,4 мың теңге. Бұлар "Бақытты отбасы - 2-10-20" бағдарламасы арқылы 2 пайызбен несие ала алады.
3. Егер 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысы бар азаматтар, яғни отбасындағы әр мүшесі үшін 96,7 мың теңге болса, жаңа "5-10-20" бағдарламасы арқылы үй алуға мүмкіндігі бар.
4. Ал 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар азаматтар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасы арқылы үй ала алады. Бұл - нарықтық ипотека.
Тағы көру