| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілетіні» туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады Dauletten Informburo-ға сілтеме жасап.
Желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деген жалған ақпарат таратқан.
«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлады Отбасы банк.
Фото: Abai.kz
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            