Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан киік мүйіздерін шығармақ болған әрекет туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Осы жылдың 17 қазанында Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы "Қорғаста" Жетісу облысы бойынша ҰҚК ШҚ департаменті ҰҚК мен полицияның аймақтық бөлімшелерімен бірлесіп, елден 991 дана киік мүйізін шығармақ болған әрекеттің жолын кесті, - деп хабарлады ҰҚК.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметі бойынша, қылмыстық әрекеттен келген зиян 2 миллиард теңгеден асады.
Еске сала кетсек, 22 қазанда Алматыда шетелдіктен 4,5 мың киік мүйізі тәркіленген болатын. Арнайы операцияны "Киберпол" қызметкерлері жүргізді. Ұсталған 58 жастағы ер адамның айтуынша, ол киік мүйіздерін Алматы облысында сатып алып, оларды ҚХР-ға емдік мақсатта жіберуді жоспарлаған.