Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы $45 млрд құрап отыр. Соның ішінде 33 %-ы, шамамен 15 млрд доллар – сыртқы қарыз. Бұл туралы Halyk Finance компанясының өкілі «Қазақстан Республикасының инвесторлары үшін борыштық нарықтағы инвестициялық идеялар» онлайн-семинары барысында айтып өтті.
Сыртқы мемлекеттік борыштың 60%-ы ($9 млрд) еуробонд болса, қалған бөлігі –халықаралық қаржы институттары мен банктерден алған қарыз.
«Ішкі қарыз негізінен Қаржы министрлігінің облигацияларынан тұрады (шамамен $21 млрд). Тағы $8,1 млрд Ұлттық Банктің ноталарына тиесілі»,– деді Halyk Finance Қазынашылық департаментінің директоры Роман Әсілбеков.
Үкіметтің жоспары бойынша, бюджеттің қосымша шығыны 2,1 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,9%-ын құрайды.
«Биылғы жеті айда қаржыландыруға деген қажеттіліктің артуы нәтижесінде
Қаржы министрлігі орналастырған құнды қағаздар көлемі 2019 жылдың 7 айымен салыстырғанда 48%-ға өсті. Қаңтар-шілдеде Қаржы министрлігі өз облигациялар арқылы нарықтан шамамен 1,8 трлн теңге қаржы тартты», – деп Halyk Finance казынашылық департаментінің директоры статистика келтіріп өтті.
Экономиканы қолдау үшін ел үкіметі дағдарысқа қаршы шараларды қолға алғаны белгілі. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек, түрлі мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласын қаржылай қолдау бар.
«Бұл шаралар Ұлттық қордың есебінен қаржыландырылады, басым бөлігі борыштық қаржыландыру болса, біршамасы – бюджет шығынын қысқарты есебінен. (...) Бұл ретте мемлекеттік қарыз өсіп кету ықтималығы басым. Қазір оның көлемі –жалпы ішкі өнімнің 5-6 пайызы аралығында. Осының өзі қомақты қаржы», – деп АКРА тәуелсіз рейтинг және макроэкономикалық талдау тобы директорының орынбасары Жаннұр Әшіғали өз ойымен бөлісті.
АКРА сарапшыларының болжамы бойынша, биыл мемлекет экономиканы қолдауға жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын жұмсайды. Оның ішінде 3,4 трлн теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінсе, бюджеттен тыс қорлардан 2,5 трлн теңге жұмсалмақ.
Рейтинг агенттігі бұған дейін экономиканың кейбір салалары 2021 жылы қалпына келе бастайды деп болжам жасаған еді. Ең бірінші ауыл шаруашығы мен өңдеуші кәсіпорындар аяғына тұра бастайды. Отандық сарапшылар да жалпы ішкі өнім төмендеп, инфляция арта түседі деген пікір білдірген болатын.
Дереккөз: Kursiv.kz