Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақтан шыққан тұңғыш әйел мамандар туралы не белгілі?
Жаңалықтар

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел мамандар туралы не белгілі?

08.03.2023
2 мин
0
3217

Қазақ арулары әр саланы игеріп, оның майталманы болғаны үшін де тарихта қалған. Dauletten.kz әр саланың тұңғышы атанған қазақ әйелдері туралы ақпарат жинақтады.

Қазақтан шыққан тұңғыш күйші әйел 

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова - Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген.  

Дина Кенжеқызы жастайынан «домбырашы қыз» атанып, Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартқан. Күйші қыз жайлы естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Жас күйшінің талантына тамсанып, батасын берген.

Дина Нұрпейісова шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» күйлері халық арасында кеңінен танымал.

Қазақтың тұңғыш кәсiби бишi қызы 

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова - биші, педагог, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1912 жылы Алматыда туған. Өмірлік жолдасы Құрманбек Жандарбековпен өнер жолын Қазақ драма театрында бастаған. Шара Жиенқұлова 1924-1930 жылдары Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. Ол ұлттық би өнерін дамыту мақсатында ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеп, «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері туындады. Шара Жиенқұлованың кинода да таңбасы қалған. Оны «Амангелді», «Біздің сүйікті дәрігер» фильмдеріндегі әртістік шеберлігінен байқауға болады.

Тұңғыш қазақ КСРО халық әртiсi 

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова - қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. 1912 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылда өмірге келген. Кішкентай кезінен әнге құмар Күләш жеті жылдық мектепті бітіріп, педагогикалық институтқа, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драм театрына қабылданады. Ол жерде Бейімбет Майлиннің «Майдан», Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» сынды спектальдарында өнер көрсетеді.

Күләш Бәйсейітова өнерге қосқан үлесі үшін КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және өзге де марапаттарға ие болады.

Еліміздегі тұңғыш әйел-генерал 

Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева - 1960 жылы 22 мамырда Торғай облысына қарасты Жақсы кентінде дүниеге келген.Алғашқы еңбек жолын Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болудан бастап, кейін республикалық ведомстволардың басшысы лауазымына дейін өскен. 

2018-2019 жылдар аралығында Сәуле Айтпаева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

Қызметтегі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы прокуратура саласының үздік қызметшісі», «Даңқ» орденінің және басқа да мемлекеттік марапаттардың иесі атанды.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел-елші 

Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш елшісі, химия ғылымы кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы.

Ақмарал Арыстанбекова 1948 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Ол 1989-1991 жылдары Қазақстанның сыртқы істер министрі, 1992-1999 жылдары ҚР БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты өкілі, 1999-2003 жылдары Франциядағы Төтенше және өкілетті елші, 1999-2001 жылдары ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі және 2002 жылдан Париждегі Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті жауапты қызметтерін атқарады. 

Ақмарал Хайдарқызы «Құрмет» орденіне және өзге де марапаттарға ие болған.

Қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы

Хиуаз Қайырқызы Доспанова - Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Халық қаһарманы.

Ол 1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысы Ганюшкин ауылындағы қарапайым балықшының отбасында дүниеге келген.

Алғашқы ұшқыштық қызметін Оралдың аэроклубында бастап, кейін 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысады. Сол уақыттың өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанады. Хиуаз Доспанова Германия, Қырым, Солтүстік Кавказ, Украина, Кубаны жаудан азат етіп,«Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальмен марапатталды. Хиуаз Қайырқызына соғыстан кейін Халық қаһарманы атағы берілді.

Қазақтың тұңғыш әйел дәрігері 

Аққағаз Досжанова – 1893 жылы Торғай облысы, Бөрті болысында туған. 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Оқуын аяқтаған соң, гинеколог және педиатр қызметін атқарады. Және бірінші дүниежүзілік соғыстың уақытында жаралы кеңес әскерлерін емдейді. Сонымен қатар, ұлт үшін шырылдаған Аққағаз Досжанова Алаш партиясының мүшесі болған.

Тұңғыш геолог әйел-ғалым 

Патшайым Тәжібаева -1920 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог, профессор, геология-минерология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, литология ғылымының негізін қалаушы, Құмкөлдегі мол мұнай қоры барлығын алғаш болжап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған.

Ол Ташкенттегі Орта Азия университетін бітіріп, ҚанышСәтбаевтан тәлім алған. Патшайым шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеп, Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарының ашқан. Ерен еңбегі үшін «Ғылым әлеміндегі әйелден шыққан Сәтбаев» деп аталып кеткен.

Тұңғыш әйел кинорежиссер

Дариға Байжұманқызы Тіналина - 1921 жылы Ақжар ауылы Аршалы ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын «Жамбыл», «Ақ роза», «Абай әндері», «Романтиктер», «Үкімет мүшесі», «Алып туралы ән» көркем фильмдеріндегі эпизодтарды сомдаудан бастап, 1953 жылы «Қазақстан кеңістігінде» атты ғылыми-танымдық фильмді режиссер ретінде түсіреді. Ол 22 жыл «Мосфильмде» жұмыс істеп,«Салтанат», «Илья Муромец», «Ерекше тапсырма», «Алыстағы тауда» атты көркем фильмдердің режиссері болды. Дариға Байжұманқызы КСРО кинематографистерінің үздігі, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. 2009 жылы «Экран Шебері» атағына ие болған.

Фото: tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл