Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазіргі жастар арасындағы қақтығыстарды болдырмау жолдары
Жаңалықтар

Қазіргі жастар арасындағы қақтығыстарды болдырмау жолдары

01.12.2022
2 мин
0
1353

Қоғамның аса маңызды құндылықтарының негізіне жастарды жатқызуымызға әбден болады. Жастар халықтың өте маңызды күші. Халық арасындағы негізгі пікір тұрғысында жастардың атқаратын рөлі жоғары. Кешегі Мағжан атамыздың «Мен жастарға сенемін» деуінің де өз ерекшелігі бар. Салыстырмалы түрде таразылайтын болсақ жас тұлғаның ересек немесе жеткіншек қалыптағы тұлғалардан айырмашылығы жер мен көктей. Жастардың ел арасында, мемлекеттік істер турасында мүмкіншіліктері жоғары. Жастар – алып күш, құдды бір кемерінен асып аққан өзен, жартастарды қақ жарған таудың суындай жойқын күш иесі. Енді осы қоғамның маңызды бөлшегінің бұзылмауы үшін көптеген құндылықтарды сақтағанымыз абзал. Егер осы алып күштің ортасына от түсетін болса жағдай өте қиын болуы ықтимал.

Бүгінгі жастар техноло­гия­ның түрлі жетістіктеріне, смартфондар мен әлеуметтік желі­лерде пікір қалдыруға әуес. Мұны тек сыни жағынан қарамай, жастар­дың қоғамдық ойға араласуы деп қабыл­даудың да реті бар. Өйткені, қазір технологияның жетістіктерін тиім­ді пайдалану арқылы көптеген дүниеге қол жеткізуге болады.

Қай қоғамда да келер күннің кепілі ретінде сол кезеңнің жастары аталады. Өткенге көз жүгіртіп қарасақ, тәуелсіздік алған жылы туған бала жиырма беске келіпті.

Қазіргі жастардың рухсыз, немқұрайлы екендігінің бірнеше себептерін айтып өтуге болады. Фейсбуктің парақшасында кейбір ағаларымыз қазіргі жастарды «Желтоқсанның» 1986 жылғы қақаған аязында алаңға белсене шығып, «Долой Колбин!-Колбин құрысын!» деп ұрандатқан асқақ рухты жастардай  рухын көрмедік деп ренжіп отырады. Рас. Қазіргі жастарда сол кездегі жастардай ұлттың рухы жоқ. Оны мойындаймыз. Біз енді үлкен буынға өкпелейміз бе? Алдыңғы доңғалақ қайда қарай домаласа, кейінгі доңғалақ та солай қарай домалайтыны да рас.  Кей кездері үлкен буынның ауызынан «Жастар ондай, жастар мұндай» деген сөзді көп еститін болдық. Шынын айтқанда, жастар дәл сіздер ойлағандай. Бұл жастар аспаннан салбырап түсе салды десеңіздер, оған өздеріңіз де келіспейсіздер. Дәл осы жастарды сіздер өмірге алып келдіңіздер, сіздер тәрбиелеп өсірдіңіздер. Енді сонда кімге өкпе артасыздар деп тағы да ойланып отырмын. Тәуелсіздікті алғаннан соң Қазақ жұрты, өкіметі, билігі уақытты кетірмей бір бірімен ымыраласып, жас ұрпаққа тілі мен тарихын, бабаларының салған сара жолын, ұлы даланың көне тарихи әрі саяси құндылықтарын, Көне Тұрандағы Ұлы даланың демократиясы қандай тарихи жағдайлармен жүзеге асқандығын тасқа қашағандай етіп санасына сіңіре бергенде, дәл қазіргідей мәңгүрттенген ұрпақ пайда болмас еді. Түркі жұртының бәріне ортақ тарихи тұлғалардың (Еділ қаған, Тоныкөк, Мүде, Бұмын, Томирис, Күлтегін, Шыңғысханнан бастап) ескерткіштерін салып тастап, бәрінің жасаған ерліктерін астына жазып тастауы керек еді. Сонда біздің  де осындай бабаларымыз болған екен ғой деп біз ойланатын едік, рухтанатын едік. Бізден кейінгілер де рухани ұлттық  иммунитеті жоғары болып шығатын еді. Біз ұлттық әрі рухани идеологиялық толқынды көзімізбен көрмесек, қалай ол толқында жүзе алмақпыз? Бізді жастайымыздан ұлттық құндылықтарға ынталандырып, қызықтырып, тарихымызды танытып, «Міне, сенің бабаңның өткен тарихи жолы» деп жігерлендірген қоғамдық немесе ұлттық қозғалыстарды да көрген жоқпыз. Ерте бастан осылай жасап үйренгенімізде, біз көп нәрседен кешікпейтін едік.

Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың   проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.

Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары;  өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда  болуына,  олардың  тұрақсыздығына  алып  келеді. «Жастар субмәдениеті проблемасын анықтау үшін, ең алдымен, «жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа топтардан айырмашылығын, жастардың жеке қасиеттері мен құндылықтарын, жастарға тән іс-әрекет пен жас тұлғаға әсер ететін факторлармен танысу қажет. Адамның жас шағы — құндылықтар жүйесінің қалыптасуы мен әлеуметтік статусының алғышарты болып табылады. Сонымен қатар осы шақта жастарға жаңаға деген ұмтылыс, ерекше болып көріну, белсенді өмір салтын ұстану тән, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни әртүрлі ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, әртүрлі жастар субмәдениетіне ену көрініс табады. «Қалай десек те, қазіргі қазақстандық жастарда Отан алдындағы жауапкершілік сезімі мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Оларға ата-бабаларынан ұлан ғасыр байтақ территориясы, тереңге тамыр жайған төл тарихы мен мәдениеті өшпес мұра болып қалып отыр. Бай тарихи мұралардан нәр алған жас буын өкілдерінің рухани мүгедек немесе саналы опасыз болуы мүмкін емес. Бұл тБілім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;

Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы көтеруіміз қажет;

Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті емес;

Жастармен биліктің санаспауы, диалог құра алмауы;

Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер ете алмауы;

 Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады. Тарих беттері дәлелдеген бұлжымас факт.

 

 

Мақала авторы: Айнұржан ҚАРАҚОЖАЕВА

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б. РУШАНОВА

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл