Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазпошта" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Бекежан Искандарұлы Жәкеев тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Бекежан Жәкеевтің құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық тәжірибесі бар.
Бұған дейін ол "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Жезқазған қаласының тумасы, “Әділет” жоғары құқық мектебі - Заң академиясын және Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.
Айта кетейік, "Қазпоштаның" бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.