Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қоғамдық орында кальян шеккеніңіз үшін айыппұл арқалауыңыз мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан полициясы қоғамдық орындарда кальян шегуге салынған тыйымды бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында үздіксіз рейд жүргізіп жатыр.
16 қыркүйектен бастап өткізіліп келе жатқан рейдтерде ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды. Салынған айыппұл өлшемі - 25 млн теңге. Сонымен қатар кейбір мекемелерге әкімшілік ескерту берілді. Тыйымды бұзу деректері көбінесе түнгі клубтар, барлар және мейрамханаларда анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу қоғамның денсаулығын сақтау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында енгізілген.