Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанайлық зейнеткер 21 миллион теңге несие алып, алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қостанайда зейнеткер бұрынғы жұмыс орнының басшысынан арнайы қызметтің тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған хабарлама алған. Осыдан кейін әйел белгісіз біреуден қоңырау қабылдаған.
Өзін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырған алаяқ тергеу жүріп жатқанын және банктен ақпараттардың таралуы туралы айтып, қаржылай көмек қажет екенін мәлімдеген.
Қоқан-лоққыға сеніп қалған әйел екі банктен несие алып, 21 миллион теңге рәсімдеген. Кейін алаяқтар ақшаны курьер арқылы жеткізуді талап еткен. Алдымен бас тартқан зейнеткер, "террористік ұйымды қаржыландырды" деген айып тағылуы мүмкін деген қорқынышпен барлық қаражатын курьерге берген.
Қазіргі таңда аса ірі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция азаматтарға алаяқтардың түрлі айлаларына сенбеуін және сақ болуын ескертеді.