Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылдың қаңтар-сәуір аралығында жүргізілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 246,2 млрд теңгені құрады (1,2 млн транзакция). 2019 жылдың сейкес кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдарының жалпы көлемінің 18,2%-ға төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Today.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 12,5%-ға, шетелден Қазақстанға келген аударымдар 30,7%-ға азайды.
Алайда, осы кезеңде Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдер көлемі 20,1%-ға өскен.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясына (35,5%), Өзбекстанға (18,8%), Түркияға (16,8%) және Қырғызстанға (12,3%) жіберілген. Шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясынан (27,7%), Оңтүстік Кореядан (20,2%), Қырғызстаннан (12,3%) және Өзбекстаннан аударылған.
"Жалпы, сәуір айында ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда жіберілген және алынған ақша аударымдары 2 есе азайды. Бұл COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау және әлемнің көптеген елдерінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі салдарынан деп пайымдаймыз", - деп нақтылады Ұлттық банкте.