Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытайдан келген 3 млн
Жаңалықтар

Қытайдан келген 3 млн "екпе флаконы" вакцинаға арналған құты боп шықты

02.04.2021
1 мин
3
1326

Қытайдан Қазақстанға жеткізілген үш миллион "екпе флакондары" QazCOVID-in вакцинасына арналған құмыралар болып шықты. Бұл туралы 31 наурызда өткен брифингте биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтты, деп жазады centralasian.org.

"Иә, Қытайдан келген [флакондар] біздің екпеге арналған. Біздің екпе флакондарға құйылады. Флакондарды Қытайдан тапсырыс бердік. Екпені құюға кез келген флакон жарай бермейді. Сертификатталған флакондар керек. Бос флакондар институтымызға жеткізілді. Алда соларға екпені құямыз. Үш миллион құмыра бар… Шанхайдағы компаниядан алдық", - деді ол.

Осыған дейін Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстанға үш миллион "екпе флаконы" жеткізілгенін айтқан.

Закарияның сөзінше, институтқа жеткізілген флакондарды жуып-шайып, стерилизациядан өткізіп жатыр. Журналистер одан "QazCOVID-in екпесінің екі миллион дозасы шығарылатын болса не үшін үш миллион флакон алдырдыңыздар?" деп сұрады.

"Шыны құмыралар әлсіз. Демек, шытынаған, сынған флакондар болуы мүмкін. Оларға екпе құюға болмайды. Бұл – тексеру үшін алынған алғашқы партия. Екпе құйғанда биохимиялық тексерістен өтеді. Сондықтан мұндай флакондар молырақ алынады", - деді институт директоры.

Күнсұлу Закария үш миллион флаконның қаржысын алдағы уақытта жазбаша түрде жариялайтынын айтты.

26 наурызда Қытай елшісі Чжан Сяо "Деловой Казахстан" газетіне, Kazakhstan Today және "Стратегия 2050" сайтына берген сұхбатында "Қазір Қытай ДДСҰ-ның COVAX екпе саясатына қосылды. Жақында Қазақстанға Қытайдан үш миллион екпе флаконы жеткізілді" деген.

30 наурызда Қазақстан денсаулық министрі Алексей Цой қытайлық "екпе флакондарының" келгенін растамаған.

31 наурызда "Деловой Казахстан" газеті және "Стратегия 2050" сайты мәтініне "екпеге арналған флакон" деп өзгеріс енгізді.

Агенттіктің бас редакторы Тимур Қубатов Азаттыққа елшінің нақты нені айтқанына қатысты жауап күтіп отырғанын жеткізді.

"Бұл мәселеден хабардармыз. Сөзден қате кеткен сияқты. Қазір елшіліктен осы тұсты нақтылап жатырмыз. Біз тек ақпаратты жеткізушіміз. Басқа айтарым жоқ", - деді ол.

Кубатов сұхбаттың бетпе-бет емес, жазбаша болғанын айтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
А
Айдана 02.04.2021
Қалай өтірік айтады.жақында ғана мәлімдедіғо.Әлия Назарбаева Қытай вакцинасын салдырғаны туралы.Енді келіп басқа ақпарат береді.Осы вакцинаны алып жатқан қазақтар ақымақ.Біздің билік Қытайларға бағынышты.халыққа айтуға батылдары жетпейді.халық көтеріледі деп қорқады.
Жауап беру
Н
Назко 02.04.2021
Халық қытайлық ваксина салдырмаймыз деп қарсыласуы мүмкін деп алдын ала өтірік айту шарасы басталып кетті деш. Құлаққа лағман ілмесінші біздің қазақтан ине мен жіп шықпағанда вокцика шығады дегенге сенбим
Жауап беру
А
Айя 02.04.2021
Бұлар тағы да білгендерін істеп жатыр-ау.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл