| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында жүрген. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол көз жұмған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталған. Қазір оны ұстау үшін тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицияның хабарлауынша, күдікті бұған дейін де отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға байланысты бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар оған қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.